Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған тағылымды кездесу өтті

Қызылорда облысында отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған тағылымды кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысындағы отбасы орталығында жас ұрпаққа ақ некенің мәні мен маңызын дәріптеп, отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған тағылымды кездесу өтті. "Отбасы – аманат, неке – адалдық" атты бұл шараның мақсаты – ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігін арттыру және жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру.

Кездесуге ҚАЖ департаментінің жеке құрам жөніндегі психологы Моншақ Маханова қызметкерлерді бастап келіп, белсене қатысты. Жиында белгілі теолог Бақтияр Оспанов пен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы директорының орынбасары Жанар Ахетова сөз сөйлеп, отбасының беріктігі мен жас ұрпақтың болашағы үшін саналы тәрбиенің маңызын атап өтті.

Спикерлер отбасының қадір-қасиеті, ер мен әйелдің отбасындағы рөлі, өзара сыйластық пен сенімнің орны туралы ой қозғады. Олар берік отбасының негізін қалаудағы жауапкершілікке ерекше тоқталды.

- Отбасы – әрбір адамның тірегі, оның беріктігі қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Бүгінгі кездесудің ең басты құндылығы – жастарға дұрыс бағыт беру, некенің қасиетін, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен жауапкершіліктің маңызын ұғындыру. Мұндай тағылымды шаралар қызметкерлеріміздің де, жастардың да өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруда айрықша рөл атқарады, – деді психолог Моншақ Маханова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру