Қызылорда облысында отбасында жанжал шығарған 215 құқық бұзушы есепке қойылды
Қызылорда облысында «Учаске» ЖПІШ кезінде отбасында жанжал шығарған 215 құқық бұзушы есепке қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД қызметкерлерімен отбасында жанжал шығарған 215 құқық бұзушы ішкі істер органдарының есебіне қойылды, 4105 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 1684 адамды мекен-жайларынан тексеріп, олармен қылмыстарды қайта жасамау бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар іс-шара барысында ішкі істер органдарының есебінде тұрған қару иелерінің 2891-і тексеріліп, тұрғындардан тіркелмеген 6 қару тәркіленді. Қаруды сақтау, тасымалдау ережелерін бұзған 17 облыс тұрғынына қатысты шаралар көрілсе, қару иелеріне ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) шара қолдану үшін әкімшілік істер сотқа жолданды.
Облыс көлемінде барлығы 24 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, олар бойынша шешім қабылдау мақсатында құжаттар жинақталып, жергілікті жерлердегі Мемлекеттік кірістер басқармаларына ұсыныстар жолданды.