Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында өзімен бірге аңшы мылтығын алып жүрген тұрғын анықталды

Қызылорда облысында өзімен бірге аңшы мылтығын алып жүрген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 17 ақпан күні сағат 23:10 шамасында Бала би ауылының шетінде күдік тудырған 38 жастағы тұрғынды тоқтатқан.

Тексеру барысында ол өзімен бірге ІІО-да тіркеуде жоқ бір ұнғылы 12-калибрлі аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.

Дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру