Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ПД бастығы аудан тұрғындарын қабылдады

Қызылорда облысында ПД бастығы Сырдария және Жаңақорған аудандарының тұрғындарын қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс әкімі аудандарды аралап, құқық қорғау органдары басшыларымен бірлесе жеке қабылдау жүргізуде. Кезекті жеке қабылдау Сырдария және Жаңақорған аудандарында өтті.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов жергілікті тұрғындарды қабылдады. Департамент бастығының қабылдауына келген тұрғындардың әрқайсысының толғандырған мәселелері тыңдалып, заң шеңберінде жауаптар берілді. Әр сауал назарға алынып, тиісті жұмыс жүргізу үшін сала басшыларына тез арада шешім қабылдап, арызданушыларға заңмен көрсетілген мерзімде жауап беру үшін нақты тапсырмалар берді.

Кейбір азаматтардың мәселелері сол мезетте шешіліп жатса, тағы бірі арыз жазып, өтінім хат қалдырды. Шешімі уақытты қажет ететіндерін бақылауға алып, ал орындалуы заңға қайшы талап иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындарының өздерін мазалаған мәселелері бойынша сауалдары және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатындағы ұсыныстары да ескерілді.

Департамент бастығы көтерілген мәселелер заң тәртібімен және кезең-кезеңімен шешілетініне ден қойып, полиция құзыретіне қатысы жоқ сұрақтармен келген тұрғындарға заңгерлік кеңес берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру