Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ПД бастығы ПИК төрағаларымен кездесті

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында қоғамдық қауіпсіздік және профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармаларының ұйымдастыруымен өткізілді.

Кездесуге Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев, тұрғын үй иснпекциясының қызметкерлері, департамент басшылығы және Қызылорда қаласы полиция басқармасының тиісті сала қызметкерлері қатысты.

Шараның басты мақсаты – көпқабатты тұрғын үйлер мен олардың аулаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындармен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ интернет-алаяқтардан сақтану шараларын арттыру.

Департамент бастығы Серік Ергешов қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау – қоғам тұрақтылығының басты кепілі екенін атап өтті.

– Заң мен тәртіп – бұл жекелеген талаптар жиынтығы емес, бұл қоғамның тұрақты дамуының негізгі қағидаты. Қауіпсіздік дегеніміз – әр азаматтың өз ауласында, өз үйінде алаңсыз өмір сүруі. Ал сол қауіпсіз ортаны қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары – қоғамдық тәртіптің айнасы, – деді Серік Ергешов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру