Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ПД бастығы тасжолда түсіндірме жұмыстарын жүргізді

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД бастығы тасжолда түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жүргізушілер арасында жүргізу тәртібін қалыптастыру бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов көлік жүргізушілерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Шара барысында жүргізушілерге адамның өмірі мен денсаулығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция қызметкерінің басты мақсаты екендігі түсіндірілді.

– Біздің тарапымыздан жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде профилактикалық шаралар  жүргізілуде. Мақсатымыз - адамның өмірі мен денсаулығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы ретте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерді жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы С.Ергешов.

Серік Жүрсінбайұлы жүргізушілерге көлікті шаршаңқы күйде басқарудың қауіпті екенін де еске салды.

– Алыс бағыттағы жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты профилактикалық шаралар күшейтілді. Жүргізушілерге тек көліктің техникалық жағдайын ғана емес, өздерінің денсаулығын да бақылап отыру қажет. Себебі жол – көлік оқиғаларының көбі жүргізушілердің шаршауы мен сақтық шараларын елемеуінен орын алуда. Әсіресе түнгі уақытта демалмаған, шаршаған күйде көлік жүргізетін жүргізушілердің қарсы жолаққа шығып, көліктердің соқтығысу оқиғалары жиі тіркелуде. Көлік жүргізушілері мен жол қозғалысы қатысушыларын жол жүру ережелерін сақтап, жолда сақ жүріп, мұқият болуға кеңес береміз, – деп атап өтті Серік Ергешов.

Мұндай түсіндіру жұмыстары жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алып, жол апаттарының санын азайтуға мүмкіндік береді.    

Бүгінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау мақсатында дрондарды да қарқынды қолдануда.  Қызылорда облысының полиция департаменті дауыс ұлғайтқыштары мен LED жарық шамдарымен жабдықталған  ұшқышсыз ұшу аппаратымен жұмыс жасауда.

Мысалы Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент автожолының бойында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында  авариялық апатты аумақтарда дронды пайдалана отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ескерту шараларын жүзеге асыруда.

Бұдан бөлек, департаменттің әкімшілік полиция басқармасымен күрделі учаскелерде патрульдеуді ұйымдастыра отырып, тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру