Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер 6 млн теңгенің ұрлығын ашты

Қызылорда облысында полицейлер 6 млн теңгенің ұрлығын ашты, – жеп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 10 қаңтарында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны өзінің жеке үйінде ұрлық болғандығы жөнінде хабарлаған. Тексеру барысында үй иелері болмаған уақытта белгісіз адам жәбірленушінің үйінің жатын бөлмесіне терезені бұзу арқылы кіріп, 6 млн теңге көлемінде ақша ұрлағаны анықталды.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлердің кәсібилігінің арқасында бір тәулік ішінде «ізін суытпай» Түркістан облысында қонақ үйде жасырынған жерінен 34 жастағы күдікті құрықталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрланған ақша жәбірленушіге қайтарылды.

Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.Тергеу жүргізілуде.

Полицейлер азаматтарға өз мүлкін сақтау бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Оның ішінде меншік объектілерін күзет мекемелеріне  тапсыру, дабыл және  бейнебақылау камераларын орнату. Осылайша, аталған шараларды қабылдау арқылы ұрлық санын едәуір азайтуға және мүлкіңізді қорғауға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру