Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қызылорда облысында полицейлер кеңесінің кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты бұзудың алдын алу, әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, тәлімгерлік институттар кеңінен қолданылуда.

Осы орайда бүгін департаментте полицейлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаровтың төрағалығымен өткен кеңесте 2 мәселе қаралды.

Бірі - жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталу мәселесі болса, екіншісі ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі туралы қабылданып жатқан ұйымдастырушылық және практикалық шаралардың шолуын жеке құрамның назарына жеткізу.

— Ел ты­ныштығын сақтауда алдыңғы шепте тұрған тәртіп сақшылары үшін ең қажетті қасиет – тәртіп пен патриоттық тәрбие. Бұл ретте тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың полиция қызметкері үшін маңызды. Сондықтан департамент басшылығы жеке құрам арасында тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарын басты назарда ұстайды, — деді О.Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру