Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер мен ардагерлер жас сақшылармен кездесті

Қызылорда облысында полицейлер мен ардагерлер жас сақшылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Жандос Мұстафаев пен Салтанат Кәлменова, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Нұржановпен бірге Есет батыр ауылындағы №124 орта мектепте ерекше кездесу өткізді.

Бұл іс-шара қызметтік міндетін атқару барысында қаза болған милиция капитаны Кеңесбек Әбішев атындағы «Жас сақшы» сыныбында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында «Тәртіпті бол» және «Адал бол» тақырыптарында жас сақшылармен ашық әңгіме жүргізіліп, қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау мен адалдықтың маңыздылығы түсіндірілді. Оқушыларға қоғамдық тәртіп ережелерінің өмірдегі рөлі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, диалог форматында пікір алмасу өтті.

Полиция қызметкерлері жоғарғы сынып оқушылары үшін арнайы тренинг ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары туралы нақты мысалдар келтірді. Жас сақшылар қоғам алдындағы жауапкершілік пен адалдықтың маңызын терең ұғынып, құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде маңызды мәліметтер алдыБұл кездесу жастарды құқықтық санаға тәрбиелеудің және олардың болашақта жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етудің бірегей үлгісіне айналды. Ардагер Болат Нұржанов өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға адалдық, тәртіп және Отан алдындағы борыштың қасиеттілігін түсіндірді.

Кездесу соңында оқушылар полиция қызметкерлері мен ардагерге алғыстарын білдіріп, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау жолында білімдерін одан әрі тереңдетуге ниет білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру