Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді

"Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етумен бірге нысан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған оқу-жаттығу іс-шарасына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында Қызылорда облысында орналасқан жарылғыш заттар сақталатын орындар мен қару-жарақ сататын дүкендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге, қоғамдық тәртіпті сақтау және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, полиция қызметкерлері мен жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері арасында экстремалдық жағдайлардағы іс-қимылдарына баға беріп, нақты жағдайда дұрыс өзара әрекеттесуі пысықтады.

Жеке күзет ұйымдарының жедел ұтқыр топтары нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ІІО жасақшыларымен өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар инженерлік-техникалық нығайтуларға баса назар аударылып, қатысушыларға алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыс көлемінде жарылғыш заттарды сақтайтын объектілерге, қару жарақ сататын дүкендеріне жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу және жеке күзет ұйымдарының күзетшілерінің іс-әрекеттерінің сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жоспарланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру