Қызылорда облысында полицейлер қолайсыз ауа райында жолдағы автокөлік иелеріне көмектесті
Қызылорда облысында полицейлер бір тәулік ішінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты 15 жүргізушіге көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының атына әлеуметтік желілер арқылы облыс жолдарындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қиын жағдайға тап болған жүргізушілерден алғысхаттар келіп түсуде.
26 қаңтарда Қызылорда облысында ауа райының күрт суытып, жаңбыр жауып, жолдарда мұз қатып, тайғақ болуына байланысты, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге полицейлер тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдарда жол жағдайына байланысты, көлік жүргізушісі жолдың мұз, тайғақтығынан басқару жүйесіне ие бола алмай жолдан шыққан 15 автокөліктерге патрульдік полиция рота қызметкерлерімен көмек көрсетілді, яғни автокөліктер қайта жолға шығарылды.
- Патрульдік полицейлер осындай жағдайларда қандай әрекет жасау керек екендігін біледі. Көлік құралдары тоқтап қалған жағдайларда эвакуаторды шақыру, қажет болған жағдайда елдімекенге жеткізу, көлік құралының қозғалтқышын жылыту, эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді. Біз қызметкерлерімізді кез-келген жағдайларға дайын болуға үйретеміз. Үнемі азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды назардан тыс қалдырмауыз қажет, - дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов.
