Қызылорда облысында полицейлер "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосты
Қызылорда облысында полицейлер "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері елімізде кеңінен қолдау тапқан "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып, сенбілікке атсалысты.
Іс-шара аясында жергілікті полиция қызметі басқармасы мен "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп тазалық жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлері аула маңайларын, қоғамдық орындарды, саябақтар мен су жағалауларын қоқыстан тазартып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асырды.
Сенбілікке полиция департаменті ғимараты мен барлық қалалық, аудандық бөлімдерден 500-ге жуық қызметкер қатысып, нәтижесінде ондаған қап қоқыс жиналды. Бұл акция – экологиялық мәдениетті арттырып қана қоймай, қоғамда тазалық пен тәртіпке деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті. Сондай-ақ, полиция мен тұрғындар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтты.
- Таза орта — қауіпсіз қоғамның негізі. Бұл акция арқылы біз жастарға үлгі көрсетіп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырғымыз келеді, — деді Қызылорда облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы.
Полиция қызметкерлерінің мұндай бастамаларға белсенді қатысуы – табиғатқа жанашырлықтың, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісі.