Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер жастарға арнап бейнеролик түсірді

Қызылорда облысында полицейлер жастарға арнап бейнеролик түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде жас ұрпақтың құқықтық сауаты мен тәртіпке бағынуы – қоғам дамуындағы басты басымдықтардың бірі. Өйткені әр адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің рөлі орасан зор. Жасөспірімдер арасында, сондай-ақ оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар – қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып қала беруде.

Мемлекет басшысы бұл мәселенің маңыздылығына ерекше назар аударып, полиция мен білім беру саласының бірлесе жұмыс жүргізуін міндеттеді. Бұл – жасөспірімдерге қатысты қылмыстардың алдын алуға, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Осы орайда Қызылорда облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған “Жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Бұл шара барысында білім беру ұйымдарындағы тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу, балаларға қатысты жасалуы мүмкін қылмыстарды анықтау, сондай-ақ қоғамдық орындардағы бұзақылықтың жолын кесу бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатыр.

Адам өмірінің жалғасы, баға жетпес байлығы – ұрпақ десек, оларды қорғау, дұрыс бағыт беру – қоғам алдындағы қасиетті борыш. Өйткені ел болашағы – осы балалардың қолында. Олардың қауіпсіздігі – елдің қауіпсіздігі.

Осыған орай Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жастарға тәртіп пен заңға бағыну туралы бейнеклип түсіріп, оған арнап өлең жолдарын арнады. Бұл қадам – жас буынның жүрегіне жол тауып, тәртіп пен жауапкершілікке үндеудің әсерлі әдісі ретінде бағаланады.

Жастарды құқықтық сауаттылық пен тәртіпке тәрбиелеу – болашаққа салынған сенімді негіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру