Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер жоғалған 58 баланы тапты

Қызылорда облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері жоғалған 58 баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
​Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу Полиция департаментінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Есепті мерзімде кезекші бөлімдерге үйінен шығып кетіп, қайта оралмады деген 60 хабарлама тіркелген.
Оның 50-і тәулікте табылып, қалған 10-на іздестіру ісі арналып, нәтижесінде сегіз жасөспірім аман-есен табылып,​ үйлеріне қайтарылса, өкінішке орай, екі жасөспірім қайтыс болды.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімдер жоқ.
2021 жылдың жеті ай қорытындысымен қадағалаусыз және панасыз қалған 179 жасөспірім ​ Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, үйінен ренжіп шығып, белгісіз бағытқа кету, ойнауға және сабақтан шығып қайта үйіне келмей қалған 58 жасөспірім аман-есен табылып, ата-аналарына тапсырылды.​ ​ ​
58 жасөспірімнің ішінде үйінен кетіп қалуға бейім 12 жасөспірімді (бір жыл ішінде екі рет қайталаған) «қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандар» санатымен ішкі істер органдарының есебіне алып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру