Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер жоғалған баланы 25 минут iшiнде тапты 

Қызылорда облысында полицейлер жоғалған баланы 25 минут iшiнде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 жасар Илияс есімді бүлдіршін 13 тамыз күні кешкісін үй маңына ойнауға шығып жоғалып кеткен. Бұл туралы баланың әкесі ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің күшейтілген рейдтік іс-шарада жүрген полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Өздігінен іздеу еш нәтиже бермегендіктен, шарасыз әке полицейлерден көмек сұраған.

Осы факті бойынша дереу іздестіру шаралары ұйымдастырылды. ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, жоғалған баланы іздестіруге бағдарланды.

Іздестіру жұмыстары балалар ойнап жүрген ауданның тұрғын үйлерін тексеруден басталды. Тәртіп сақшылары көшелер мен үйлерді аралады.

Полиция қызметкерлерінің іздестіру жұмыстарын тез арада ұйымдастыруының нәтижесінде бала 25 минут ішінде табылды. Баланы Төретам кенті, Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында орналасқан Мәдениет үйінің артқы бөлігінде іздестіру жұмыстарын жүргізген патрульдік полиция тобының полицейлері Арман Саин мен Нұрбол Башаров тауып алған. Бала ата-анасына аман-сау тапсырылды.

Өз кезегінде Куаныш Шалбаев баласын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру