Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер жолда көлігі бұзылған азаматқа көмектесті

Қызылорда облысында полицейлер жолда көлігі бұзылған азаматтарға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада тәртіп сақшылары ізгі іске себепкер болды. Патрульдік полиция қызметкерлері көлігі бұзылған Ресей Федерациясының азаматтарына көмектесті.

Бұл жағдай Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент тасжолының бойында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында жол жиегінде тұрған ресейлік азаматтардың көлігінің бұзылып қалғанын байқайды.

Жағдайға бейжай қарамаған полицейлер дереу көмекке келіп, автокөлікті жақын маңдағы жанармай бекетіне дейін итеріп апарды. Көлікті жөндеуге көмектесіп, ресейлік азаматтардың сапарын жалғастыруына жағдай жасады.

Көмекке риза болған жүргізуші өз алғысын бейнежазба арқылы білдірді. Ол тәртіп сақшыларының адамгершілік қасиеттеріне тәнті болып, шын жүректен ризашылығын жеткізді.

Жолға шыққан жүргізушілер мен жолаушылар түрлі қиындықтарға, келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Осындай кезде полицейлер көмек қолын созып, жолда қалғандарға қолғабыс етіп, алғыс алатын кездер аз емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру