Қызылорда облысында полиция 78 мыңнан астам тұрғын үйді тексерді
Қызылорда облысында полиция 78 мыңнан астам тұрғын үйді тексерді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Қызылорда облысында "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары 78 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, 205 саяжай үйлері мен 285 шаруа қожалықтарын тексерді.
Тексеру барысында 10 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, олар бойынша шешім қабылдау мақсатында құжаттар жинақталды.
Сонымен қатар тіркелмеген 6 қару-жарақ анықталып, оның 6-ы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы. Мыңнан астам қару иесі тексеріліп, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін 7 қару иесіне хаттама ресімделді.
Сонымен бірге қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзудың 3 дерегі анықталып, тиісті шешім қабылданды.
Шара барысында учаскелік полицейлер 23 жастағы азаматтың үйін тексеру барысында "Стражник" МР-461 калибрлі ұнғысыз атыс қаруын анықтады. Қару ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.