Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полиция бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуде

Қызылорда облысында полиция бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің Арал ауданы полиция бөлімінің жедел басқару орталығында қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аудан көлемінде 72 бейнебақылау камерасы және 7 дана жылдамдық өлшегіш құрылғысы жұмыс жасауда. Бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмысын 3 бейнебақылаушы қадағалап, жедел әрекет ету арқылы қоғамдық қауіпсіздіктің нығаюына өз үлестерін қосып келеді.

Аталған орталық өткен жылдың ақпан айынан бастап жұмысын бастады. Содан бері 2025 жылдың соңына дейін 30-дан астам қылмыстың ашылуына өз септігін тигізіп, 4 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қоғамдық орынды ластау, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері бойынша түрлі деректер тіркелді.

Жыл басынан бері бейнекамералар түрлі заңсыз әрекеттердің алдын алуға және жолын кесуге өз септігін тигізді. Атап айтқанда, 452 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарды ластаудың 22 дерегі, масаң күйде көлік басқарудың 11 дерегі тіркелді. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 292 азаматқа тиісті шаралар қабылданды.

Қазіргі таңда аудан орталығында орнатылған 72 бейнебақылау камерасы мен 7 автоматты жылдамдық өлшейтін фотобейне тіркеу құрылғысы толық көлемде іске қосылып, тәулік бойы үздіксіз жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру