Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полиция білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін тексеруде

Қызылорда облысында полиция білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін тексеруде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына және Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес жаңа оқу жылы қарсаңында облыс көлемінде білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында департаменттің АжББ, ЖПҚБ, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлерімен объектінің жай-күйін бақылау мақсатында профилактикалық зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Қай елде болмасын халықтың тыныштығы мен нысандардың қауіпсіздігі маңызды рөл атқарады. Оның ішінде бала қауіпсіздігі полиция қызметкерлерінің басты назарында.

Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке күзет қызметі мен дабыл сигналдарының, қауіпсіздік қондырғыларының маңызы зор. Білім беру ұйымдарында балалар білім алып қана қоймай, өзін қауіпсіз сезінуі тиіс және мектеп балалардың екінші үйі екенін ескерсек, мұнда олардың күнделікті өмірі, білімі мен тәрбиесі қалыптасатындығы анық.

Осы орайда білім беру ұйымдарында күзет қызметін жетілдіру және дабыл сигналдарымен хабарламаларға сәйкес дер кезінде күзет қызметкерлерінің әрекет етуі, нысанға азаматтардың кіріп-шығуын бақылау, нысанға бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруіне жол бермеу, оқушылар мен білім беру объектілері персоналдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялауға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру