Қызылорда облысында полиция көліктерінің макеттері орнатылды
Қызылорда облысында полиция көліктерінің макеттері орнатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті қосымша профилактикалық шараларды қолға алды.
Қармақшы ауданында полиция қызметкерлері жүргізушілердің назарын аударып, тәртіпке шақыру үшін жол бойына полиция автокөліктерінің арнайы макеттерін орнатты. Бұл шара жол апаттарының санын азайтып, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.
Осындай визуалды ескертулер жүргізушілерге жылдамдықты дер кезінде төмендетіп, жолда барынша мұқият болуға ықпал етеді.
Жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін әрдайым есте сақтайық!