Қызылорда облысында полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді талқылады
Қызылорда облысы ПД бастығы жедел кеңес өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов жедел кеңес өткізіп, 7 айдың жұмысын қорытындылады. Отырысты ашқан департамент бастығы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Бүгінгі жедел кеңес барысында полиция органдарының жедел-қызметтік жұмысы талқыланды. Оның ішінде, халықпен тиімді серіктестік орнату, ішкі істер органдарының қызметінде ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды. Алдын алу жұмыстарын күшейту нәтижесінде өңірімізде қылмыс деңгейі азайды. Қоғамдық орындарда, көшеде жасалған қылмыстардың саны азайды.
Жедел кеңесте департамент бастығы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің басым бағыттарын жауапкершілікпен атқаруды, профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Бүгінде жеке құрам арасындағы заңдылық пен тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттердің алдын алу, анықтау жұмыстары ерекше назарда. Қызметкерлер арасында тәртіп пен заң бұзушылықтардың алдын алу және кінәлі қызметкерді түзелуге мүмкіндігін арттыру мақсатында офицерлер мен полицейлер кеңестерінің жұмыстары күшейтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша департамент бастығы жедел-қызметтік жұмысты қорытындылап, алдағы уақытта бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру, сын-ескертпелер мен жаңа бағыттағы жұмыстар бойынша талап қойып, нақты шараларды белгіледі.