Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полиция студенттерге профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр

Қызылорда облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мақсатта бүгін “Болашақ” университеті, “Болашақ” жоғары колледжі және “Болашақ” медицина колледжі студенттерінің қатысуымен өткен кездесуге Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев қатысып, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқталды. Мән маңызы зор кездесу барысында Серік Әбдімәуленұлы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған шараларға, бұдан бөлек құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік мәселесі туралы да айтып өтті.

Жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг, нашақорлық, алаяқтық салдары болашақ өмірлері мен арман, мақсаттарына зиян келтіретінін нақты фактілермен атап көрсетті.

Жиын соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толымды жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру