Қызылорда облысында полиция жастармен кездесті
Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары студенттермен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев жастармен кездесті. Кездесуге департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және киберпол басқармаларының қызметкерлері, есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің мүшелері - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Базартай Жандос Нұртайұлы, “Аманат” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” ЖҚ ҚОФ төрағасының орынбасары Нұрбол Серікбай және Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Аман Турсунов, сондай-ақ университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер үшін өте өзекті тақырыптар қозғалды: бұл әр азаматтың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтар, бұзақылық, кибербуллинг, лудомания, интернет-алаяқтық, нашақорлық және оның салдары. Бұл кездесу бейресми қарым-қатынас форматында өтті. Әрбір студент өзінің құқықтары мен жауапкершілігіне, қауіпсіздігіне, сондай-ақ полиция қызметіне қатысты кез-келген сұрақты қоя алды.
“Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді” жоспары Үкіметпен бекітіліп, іске асырылуда. Аталған жоспарды дайындауға барлық мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдіктер, сондай-ақ тәуелсіз халықаралық сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жоспардың едәуір көлемі, нашақорлықтың алдын алуға, емдеуге және есірткіге тәуелділерді оңалтуға бағытталғанын атап өткім келеді. Қоғам бір орында тұрған жоқ, есірткінің жаңа түрлері мен жаңаша сипаттары пайда болуда. Үкімет тарапынан олардың заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу мақсатында тиісті шаралар мен шектеулер қоюда. Полиция департаменті өз құзыреті шегінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күресте қажетті шаралар қабылдауда.
— Біздің мақсатымыз — жастар және жасөпірімдер арасындағы қылмыстардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын-алу. Осы ретте қоғам болып, ата-ана, ұстаздармен бірлесіп, жас ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлық танытпауымыз қажет. Тек бірлесіп қана еліміздің болашағының қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз! — деді С.Тоқтыбаев.
Жиынға қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өз ойларымен бөлісті.