Қызылорда облысында пробация есебіндегі адамдарға азық-түлік қоржындары таратылды
Қызылорда облысында пробация есебіндегі адамдарға азық-түлік қоржындары таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қармақшы аудандық пробация есебіндегі әлеуметтік жағдайы төмен 8 сотталғанға қайырымдылық жасау мақсатында азық-түлік қоржындары таратылды.
Шараның мақсаты – сотталғандарды қоғамға бейімдеу, оқшауланған мінездің көпшілік ортаға араласып, қалыпты өмір салтын ұстанып, түзу жолға түсуіне ықпал ету.
Аудан көлемінде бұл бағытта үздіксіз жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудандық прокуратура, пробация қызметі және полиция бөлімінің қызметкерлерінен құрылған жұмысшы топ бірлескен осы тектес шаралар атқаруда.
Сотталғандарға әлеуметтік көмектер көрсетіп, профилактикалық әңгімелесу барысында оларға қоғамдағы көпшілікпен бірдей орны бар екені, қайта қылмысқа барудың қауіптілігі, түзу жолға түсіп өзін-өзі, қоршаған ортасын, қоғамды дамытуға мүмкіндіктерінің бар екені туралы түсіндірілді.
Аталған шараға аудан прокурорының орынбасары А.Мұратов, пробация қызметінің бастығы Е.Әбілдаев, жергілікті полиция қызметінің бастығы О.Есжанов және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.
Әңгімелесу кезінде сотталғандар құқық қорғау және уәкілетті органдарға алғысын білдірді.