Қызылорда облысында пробация есебіндегі азамат тәртіп бұзғаны үшін сот залынан қамауға алынды
Қызылорда облысында пробация есебіндегі азамат тәртіп бұзғаны үшін сот залынан қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация есебіне алынған әрбір азаматты қоғамға бейімдеу мақсатында тәрбиелік жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Соған қарамастан жаза өтеудің міндеттерін орындамай, пробация есебіне тіркеуге келмей, құқықбұзушылық жасап, түзеу мекемесіне қайта жіберілгендер де бар.
Солардың бірі Е. есімді азамат, 2022 жылы велосипед ұрлағаны үшін сот үкімімен, ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен 3 жыл 6 ай мерзімге шектеу жазасы тағайындалып, Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебіне алынған. Бұл азаматпен профилактикалық жұмыстар жүргізілгенімен еш нәтиже шығармай, тіркеуге келмей, бірнеше рет мекенжайында болмай әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.
Пробация қызметі тарапынан сотталған азаматқа қатысты іс-құжаттары жинақталып, сотқа ұсыныс жолданған. Түзелу жолына түспеген азамат сот қаулысының негізінде қамауға алынды. Бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 7 ай 17 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.