Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар арасында дойбыдан жарыс өтті

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында пробация есебіндегі азаматтар арасында дойбыдан жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау мақсатында Жаңақорған жастар ресурстық орталығының бастамасымен дойбы ойынынан жарыс ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – спорттық ойындар арқылы азаматтарды салауатты өмір салтына баулу, қоғамдық ортаға бейімдеу және бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықпал ету болды.

Тартысты өткен сайыс қорытындысында жүлделі орын иеленген азаматтарға медальдар табысталып, арнайы марапаттар берілді. Жеңімпаздар өз қуанышымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

- Бүгінгі ұйымдастырылған шара көңілімізді сергітіп, жақсы әсер қалдырды. Дойбы ойыны арқылы бір-бірімізбен әңгімелесіп, уақытты тиімді өткіздік. Осындай іс-шаралар бізге қоғамға жақындай түсуге, өзімізді пайдалы іспен айналысуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, – деді жарысқа қатысқан сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру