Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды

Қазалы ауданында пробация есебіндегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазалы ауданында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға қуаныш сыйлауға бағытталған ерекше қайырымдылық шарасы өтті. Бұл игі бастаманы «Сауал» қоғамдық бірлестігі мен Қазалы аудандық жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.

Шара аясында пробация есебінде тұрған азаматтардың 15 баласына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Әр бүлдіршінге арнайы дайындалған тәттілер жиынтығы ұсынылып, оларға нағыз жаңа жылдық көңіл-күй сыйланды. Шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға қуаныш сыйлап, балалардың мерекелік көңілін көтеру еді.

Мерекелік кеште бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, жиналғандарды тәнті етті. Бірі өлең оқып, бірі би билеп, шараның сәнін кіргізді. Балаларына қуаныш сыйлаған ұйымдастырушыларға ата-аналар шынайы ризашылықтарын білдірді.

Осындай қайырымдылық шаралары – тек көмек көрсету емес, қоғамдағы мейірім мен қамқорлықтың жарқын көрінісі. Мереке қарсаңындағы мұндай жылы лебіздер әр баланың жүрегіне қуаныш ұялатып, өмірге деген сенімін арттырғаны сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру