Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтарға тегін нан таратылды

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтарға тегін нан таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазалы ауданында шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, қайырымдылықты да ұмытпаған жеке кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға көмектесіп келеді. Жеке кәсіпкер Лаура Серікова Қазалы аудандық пробация қызметінің есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен 6 азаматтың отбасына тегін нан таратты.

– Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік -құқықтық көмек пен қатар демеушілер тарапынан қайырымдылық көмектерді де жиі көрсетеміз. Есептегі азаматтар арасында көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар бар. Жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жұмыстар атқарсақ, жеке кәсіп ашамын деген сотталғандарға құқықтық көмек береміз. Бүгінгі ерекше шараға риза болған есептегі сотталғандар кәсібінен нәсіп тауып жүрген жеке кәсіпкер мен пробация қызметіне алғысын айтты. Қайырымдылық шарасын алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз, – деді пробация қызметінің бастығы Ербол Сражатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру