Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі сотталған азаматтармен кездесу өтті

Қызылорда облысы Арал ауданында пробация есебіндегі сотталған азаматтармен кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық пробация есебінің бастығы Серік Сейталиев пен Отбасын қолдау орталығының директоры Әділжан Өтегенов қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – қайта қылмысқа жол бермеу және қоғамға бейімдеу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.

Кездесу барысында орталық психологы Назым Қалжанова қатысушыларға арналған арнайы тренинг өткізіп, сенімді қарым-қатынас орнату мен өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ теолог маман Бексұлтан Өтегенов діннің адам өміріндегі рухани маңызы мен дұрыс бағытты таңдаудың қажеттілігі жөнінде дәріс жүргізді.

Шара еркін форматта өтіп, сотталған азаматтар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында қатысушылар қоғамға бейімделу мен қателіктерді қайталамау жолында мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті.

- Осындай кездесулер бізге үлкен ой салады. Психолог пен теологтың айтқандары өмірге басқа көзқараспен қарауға көмектеседі. Алдағы уақытта дұрыс жолмен жүруге тырысамыз, – деді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру