Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарға көмір түсіріп берді

Қызылорда облысында пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарға көмір түсіріп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Қазалы аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі сотталғандарға қайырымдылық көмекті жиі ұйымдастырады. Бұл жолғы көмек аудан әкімдігінің қолдауымен берілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай пробация есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен төрт сотталғанға көмір түсіріп берді.

– Өзім қарапайым жұмысшымын, тапқан табысым балаларымның киімі мен тамағына кетеді. Жағдайымды зерделеп, бақылап жүрген пробация қызметкерлері көмек берді. Біздің жағдайымызға бей-жай қарамай, қайырымдылық танытып, көмек қолын созған аудан әкімдігіне де алғысым шексіз, – деді есептегі сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру