Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация талаптарын орындамаған сотталғанға жаза күшейтілмек

Қызылорда облысында пробация талаптарын орындамаған сотталғанға жаза күшейтілмек, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындамаған және құқық бұзушылықтарға жол берген сотталғандарға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдауда.

Пробация бақылауында жүрген кейбір азаматтар қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарып, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасайды. Олар пробация қызметінің бірнеше рет жасаған ескертулеріне қарамастан, өз міндеттерін орындаудан бас тартады. Мұндай азаматтардың бірі – Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған сотталған.

Ол ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Алайда сот жүктеген міндеттерді орындаудан бас тартып, пробация қызметінің талаптарын елемеген. Сонымен қатар ол қоғамдық орында тәртіп бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Пробация қызметі бұл жағдайды назардан тыс қалдырмай, сотталғанның іс-құжаттарын сотқа жолдады. Нәтижесінде сот шешімімен оның қоғамдық жұмысы қамаққа ауыстыру мәселесі қаралуда.

Пробация инспекторы Жақсыбек Жүнісовтің айтуынша, сот үкімімен белгіленген міндеттерді орындаудан жалтарған азаматтар жауапкершіліктен құтылмайды. Егер пробация бақылауындағы сотталғандар жаза өтеу тәртібін бұзып, құқық бұзушылық жасаса, олардың ісі сотқа жолданып, қосымша шаралар қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру