Қызылорда облысында «Профилактикалық бақылау» іс-шарасы өтуде
Қызылорда облысында «Профилактикалық бақылау» іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қармақшы аудандық пробация қызметі «Профилактикалық бақылау» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде. Профилактика барысында есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың қайта қылмыс жасамауын алдын алу қолға алынып, сондай-ақ іздеу жарияланған есептегілердің тұрғылықты жерлері анықталуда.
– Іс-шараға аудандық прокуратура және полиция бөлімі бірлесіп, 16 қызметкер күнделікті пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды тұрғылықты жері мен жұмыс орындары бойынша тексерудеміз, – деді Қармақшы аудандық пробация қызметінің инспекторы Бақыт Оразалиев.
Тексеру барысында пробация есебіндегілерге және оның тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін жандарға қылмыстық құқық бұзушылық пен жаза өтеу тәртіп бұзушылығына бармауы керектігі жөнінде түсіндіріліп келеді.