Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы қорытыланды

Қызылорда облысында  «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы қорытыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz

24-29 тамыз аралығында Қармақшы ауданы аумағында «Қадағалау» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шараны Қармақшы аудандық пробация қызметі мен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп атқарды.

Шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу.

Аталған іс-шара аясында Қармақшы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен аудандық учаскелік полиция қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың жұмыс орнымен мекенжайларынан тексеру жүргізіп, қылмыспен құқық бұзушылыққа бармау жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізіп, олардың міндеттері мен жауапкершіліктері түсіндірілді.

Пробациялық бақылаудағы азаматтарды тексеру барысында бір сотталғанның әкімшілік аймағын тастап шығып кеткендігі анықталып, сотталғаннан түсінік алынып, ескерту шарасы берілді. Тағы бір сотталғанның белгіленген күні пробация қызметіне тіркелуге келмегені анықталып, тиісті шара қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру