Қызылорда облысында қамаудағы азамат заңды некеге тұрды
Қызылорда облысында қамаудағы азамат заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде қамаудағы азамат заңды некеге тұрды. Ол өзінің сүйіктісімен ресми түрде отбасын құруға шешім қабылдап, барлық қажетті рәсімді орындап, неке куәлігін алды.
Мекеме заңгері Гүлмира Қарашаеваның айтуынша, қамаудағы азаматтардың заңды құқығын сақтау, оның ішінде отбасы құру құқығын қамтамасыз ету – қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл рәсім Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жүзеге асырылды.
– Адамды қолдау қуаттайтынын жақсы түсіндім. Осылайша, сүйіктіммен заңды некеге тұрдым. Өте қуаныштымын! Бұл мүмкіндік өміріме оң өзгеріс енгізетіндей, - деді қамаудағы азамат.