Қызылорда облысында “Қақпа алдындағы кездесу” шарасы ұйымдастырылды
Қызылорда облысында “Қақпа алдындағы кездесу” шарасы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінен бостандыққа шыққан азаматшаға арналған “Қақпа алдындағы кездесу” атты әлеуметтік іс-шара өткізілді.
Бұл шара азаматша жазасын толық өтеп, мерзімінің аяқталуына байланысты босатылуына орай ұйымдастырылды. Кездесуге пробация қызметінің мамандары, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен әлеуметтік қорғау саласының мамандары қатысты. Олар босатылған тұлғаға құқықтық кеңес беріп, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек пен бейімдеу қызметтері туралы ақпарат ұсынды.
Шараның мақсаты — бостандыққа шыққан азаматшаны қоғамға бейімдеу, оны әлеуметтік ортаға қайта енгізу және қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұл – қылмыстық жазасын өтеген жандарға екінші мүмкіндік беру арқылы олардың жаңа өмір бастауына қолдау көрсетудің нақты бір көрінісі.