Қызылорда облысында ҚАЖ қызметкерлері жазық даладан бронжелет пен қару-жарақ тапты
Қызылорда облысында ҚАЖ қызметкерлері жазық даладан бронжелет пен қару-жарақ тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ҚАЖД-ға қарасты №68 мекемесінің (тергеу изоляторының) жедел бөлім қызметкерлері қару-жарақтың табылуына себепкер болды. Мекеменің жедел бөліміне Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіне қарасты Ш.Есенов көшесінің соңғы жазық дала бөлігінде қару-жарақ жасырылған деген ақпарат келіп түскен болатын.
Ақпарат бойынша ҚАЖ қызметкерлері ОПД және ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру барысында бір бронжелет, бір шолақ мылтық, екі автомат оғы тәркіленіп, зерттеу тобына жіберілді.
Зерттеу нәтижиесінде тәркіленгендердің пайдалануға жарамды қару-жарақ пен пайдаланылмаған оқ екені анықталды.