Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ҚАЖД қызметкерлері студенттермен еркін пікір алмасты

А.Пушкин атындағы орталық кітапханада "Заң мен тәртіп – құндылығы" тақырыбында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға "Сейхун" колледжінің студенттері мен кітапхана меңгерушісі Л. Рабаева қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын қатаң сақтауға баулу және тәртіпке деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Кеш барысында №37 мекемесінің заңгері Жалғасбай Есмаханұлы мен мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Бақытұлы сөз алып, қызмет бағыттары, жауапкершіліктің маңыздылығы және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау мәселелері жөнінде студенттерге жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кеш қорытындысында қонақтарға сый-сияпат көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру