Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ҚАЖД қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысында ҚАЖД қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы түсіндірме іс-шарасы өтті.

Шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанар Қозыбағарова арнайы шақырылып, мекеме қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық қағидаттарын ұстану және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың мемлекет пен қоғам өміріне тигізетін кері әсері, мемлекеттік қызметкердің этикасы мен құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ “интегрити чек” ұғымы мен декларация тапсыру тәртібі жайлы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын бейнелейтін арнайы бейнеролик көрсетілді.

Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік және заңдылық принциптерін тереңдету болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру