Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері тергеу изоляторына барды

Қызылорда облысында қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері тергеу изоляторына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторына барып, арнайы контингентпен кездесті. Комиссия өкілдері сотталғандардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің қамтамасыз етілу жағдайын тексерді.

Оларды ұстау жағдайлары, медициналық-санитариялық қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылуы және олардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері болды. Кездесу барысында қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері сотталғандарды жеке қабылдап, олардың сауалдарына жауап берді. Сотталғандар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Сотталғандарды жеке қабылдау – олардың құқықтары мен қажеттіліктерін анықтауға, сонымен қатар сотталғандардың ұсыныстары мен шағымдарын ескеруге мүмкіндік береді.

Қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері мұндай тексерістер алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетінін, олардың негізгі мақсаты - сотталғандардың құқықтарын сақтау және олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру