Қызылорда облысында құқық бұзушылық жасаған шетел азаматтары анықталды
Қызылорда облысында құқық бұзушылық жасаған шетел азаматтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қазан бөлімнің учаскелік полиция инспекторларымен профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде Қазалы қаласы, Жангелдин көшесі бойында, яғни қоғамдық орында өтініш білдіріп, сауда жасап жүрген төрт шетел азаматы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру барысында Өзбекстан Республикасының азаматтары екендігі анықталып, оларға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен, яғни қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкер емес бола тұра мазалап, өтініш білдіріп мата сатып жүргендері үшін әкімшілік хаттама рәсімделіп, аудандық сотқа жолданды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Алдағы уақытта, осы тектес құқық бұзушылық жасап жүрген шетел азаматтарын көрген болсаңыздар 102 немесе 8-72438-21-5-17 номерлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз!