Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында рұқсат етілмеген орынға қоқыс тастаған 43 тұлға жауапқа тартылды

Қызылорда облысында рұқсат етілмеген орынға қоқыс тастаған 43 тұлға жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың тамыз айының 20-22 күндері аралығында “Таза Аймақ” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – облыс көлемінде ортақ пайдалану орындарын саябақтарды, скверлерді ластау және белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау.

Тұрғындар арасында белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды тастау жағдайлары азаймай отыр. Қоқыс тастауға болмайтын белгіленбеген аймақтарға да қажетсіз заттар тастап, ластаған жағдайлар кездесуде.

Осы ретте, учаскелік полиция инспекторларымен әкімдік қызметкерлерінің бірлескен жоспарына сәйкес, күшейтілген рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, осы жылдың 1 күнінде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаған тұлғаларды анықтап, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы бойынша яғни, «ортақ пайдаланатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау» дерегі бойынша бір күнде 43 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұлдар салынып, ескертулер жасалды.

Қаламыздың келбетіне нұқсан келтіріп, автокөлікпен немесе жаяу, қоларбалармен рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастаған тұрғындарды көрсеңіз фото-бейне жазбаға түсіріп алып, “102” нөміріне хабарласып, бейне жазбаны жолдауларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру