Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандар Абай шығармашылығын дәріптеді

Қызылорда облысында сотталғандар Абай шығармашылығын дәріптеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде қазақтың ұлы ойшылы, ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Кешкі мектептің ұстаздары сотталғандарға дәріс өткізіп, ұлы тұлғаның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын жан-жақты таныстырды. Сабақ барысында Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлар кеңінен түсіндірілді.

Шараға сотталғандар белсене атсалысып, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Белсенділік танытқандар мекеме әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

– Абайдың шығармаларын қайта оқу бізге үлкен ой салды. Қара сөздерінен өмірлік сабақ алып, өз-өзімізді тәрбиелеуіміз қажет екенін түсіндік. Мұндай шаралар бізді жақсылыққа, адалдыққа жетелейді. Алдағы уақытта қателіктерімізді түзетіп, қоғамға пайдалы азамат болуға тырысамыз, – деді сотталғандардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру