Қызылорда облысында сотталғандар арасында ревакцинациялау басталды
Қызылорда облысында сотталғандар арасында ревакцинациялау басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екпенің үшінші құрамдас бөлігін ЗК-169/4 мекемесіндегі сотталғандар да өз еріктерімен салдырып жатыр.
Алдымен дәрігер сотталғандарға қайта вакциналау туралы түсіндіріп, ревакцинациялаудан кейін ағзада тұрақты иммунитет қалыптасатындығын айтты. Қайта егу ағзаны жаңа әрі қауіптірек штамдарды жұқтырудан қосымша қорғанысты қалыптастыруға көмектеседі.
– Қайта вакцинаны алуға, әрине, өзім шешім қабылдадым. Себебі бәрімізге мәлім – әлемнің бәрі осы індетке қарсы қабылдап жатыр. Денсаулығымды нығайту үшін екпені қабылдауға өз еркіммен келдім. Ешқандай жанама әсерлер бойымда байқалған жоқ, – дейді сотталған.