Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті

Қызылорда облысында сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шиелі ауданы прокуратурасы мен аудандық пробация қызметі "Руханият" орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысқан сотталғандар қол күресі және гір тасын көтеру спорт түрлері бойынша сынға түсіп, өз күш-жігерлерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз сотталған азаматтарға арнайы мадақтамалар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

- Осындай жарыстар бізге қоғамға қажет екенімізді сезіндіреді. Қазір түзелуге деген ынтам артты. Алдағы уақытта спорттық шараларға қалмай қатысатын боламын, – деді.

Бұл іс-шара – сотталғандарды қоғамға бейімдеудің, оларды салауатты өмір салтына тартудың және әлеуметтік оңалтуға жағдай жасаудың нақты үлгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру