Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандар арасында үстел теннисінен сайыс ұйымдастырылды

Қызылорда облысында сотталғандар арасында үстел теннисінен сайыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қармақшы ауданында ерекше спорттық шара – үстел теннисінен жарыс өтті. Бұл сайыс Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік тапсырысының аясында «Ораз ахун» қоғамдық қорының бастамасымен жүзеге асырылды.

Спорттық шараның негізгі мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеп, олар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұл игі бастамаға 20 сотталған азамат қатысып, өздерінің спорттық қабілеттерін ортаға салды.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз белсенділіктерін көрсетті. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

– Мен үшін бүгінгі күн ерекше болды. Үстел теннисінен өткен жарысқа қатысып, жеңімпаз атандым. Бұл жеңіс маған өзімді жеңуге, шыдамдылық пен табандылықты арттыруға, сондай-ақ өмірге деген көзқарасымды өзгертуге көмектесуде. Пробация қызметі мұндай шараларды жиі ұйымдастырады, мен солардың ешқайсысынан қалмауға тырысамын. Бүгінгі сайыс өте жақсы өтті. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді жеңімпаздардың бірі.

Пробация қызметі осындай мәдени-спорттық шаралар арқылы сотталған азаматтарды қолдап, оларды жаңа өмірге бейімдеуге ерекше назар аударып келеді. Бұл шара қатысушыларға жігер сыйлап қана қоймай, оларды жаңа мақсаттарға жетелейтінін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру