Қызылорда облысында сотталғандар Президенттің Жолдауымен танысты
Қызылорда облысында сотталғандар Президенттің Жолдауымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында ақпараттық сағат өтті.
Онда мекеме бастығының орынбасары Қ.Олжабаев жазасын өтеушілерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» деген Жолдауын қысқаша түсіндіріп, негізгі бағыттарына шолу жасады.
– Елді есеңгіреткен қаңтар оқиғасынан кейінгі Президенттің кезекті жолдауы халыққа тың серпін берді. Жолдау он бағыттан тұрады. Оның ішінде тікелей қылмыстық-атқару жүйесіне қатысты Конститутциялық сот құру мәселесі турасында айтылды. Бұл бастама әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады, – деп жеткізді сотталғандарға Қ.Олжабаев.
Мемлекет басшысының алдағы уақытта атқарылатын бұдан да басқа саяси реформаларымен танысқан қамаудағы азаматтардың ел болашағының ертеңіне деген сенімі мен бостандыққа шығуға деген үміті артты.