Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 125 дерегі анықталды

Қызылорда облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 125 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған. Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 17 күнде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 125 дерегі тіркелді.

Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 89 дерегі анықталды. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 26 фактісі тіркелді. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолданды. Ал азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.

Мәселен, рейд барысында полиция қызметкерлерімен Қармақшы ауданында далалық жерде Уаз автокөлігі тоқтатылған. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан жарықшам, бір ұңғылы 16 калибрлі, екі аңшы мылтығы, жабайы жануарлардың өлі денелері тәркіленді. Күдікті ретінде үш азамат ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру