Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында тәртіп бұзған есептегі сотталған түзеу мекемесіне жіберілді

Қызылорда облысында тәртіп бұзған есептегі сотталған түзеу мекемесіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебінде 40-тан астам адам есепте тұр. Жыл басынан пробациялық бақылауға алынған екі сотталған жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Жуырда тағы бір азамат сот жүктеген міндеттерді орындамай, құқық бұзушылыққа жол берді. Жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді. Ол сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығын шектелген еді. Алайда бұл азамат пробация инспекторларының түсіндірме жұмыстарына құлақ аспай, сотпен жүктелген міндеттерді орындамай, белгіленген күндері пробация қызметіне келмей, тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасап, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған.

Пробация қызметімен сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру бойынша құжаттар жинақталып, сотқа ұсыныс жолданған. Сотталғаннның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, яғни 1 жыл 6 ай мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру