Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Таза Қазақстан” акциясына байланысты брифинг өтті

Қызылорда облысында “Таза Қазақстан” акциясына байланысты брифинг өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан “Таза Қазақстан” акциясында көзделген шаралардың іске асырылуына полиция департаментімен ерекше назар аударылуда. Осының негізінде облыс көлеміндегі елді мекендерде қалдықтарды жою, абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тиісті профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда.

Бұл жерде полиция қызметкерлерінің міндеті - ортақ пайдалану орындарын ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу, стихиялық қоқыс орындарын және олардың пайда болу көздерін анықтау және алдын алу.

Департаменттің жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы - ұйымдастырушылық-талдамалы бөліністерімен бірлесіп, жұмылдырылған күштер мен құралдардың жұмысын үйлестіру және жүргізіліп жатқан жұмысты талдау жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Учаскелік полиция инспекторларымен өздерінің қызмет ететін аумақтарында стихиялық қоқыс орындарын және оның пайда болу көздерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Стихиялық қоқыс орындары анықталған жағдайда құқық бұзушылық бойынша құжаттар жинақталып және құқық бұзушыларды, оның ішінде лауазымды тұлғаларды да жауапкершілікке тарту үшін құжаттарды экология департаментіне жолданатын болады.

Қазіргі уақытта “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру