Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында теолог мамандары есептегі сотталғандармен әңгімелесті

Қызылорда облысында теолог мамандары есептегі сотталғандармен әңгімелесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының жетекші маманы Ислам Каюпов пен осы орталықтың теологы Мағжан Өмірбеков қалалық пробация есебіндегі азаматтарды жеке қабылдап, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткізді.

Кездесудің мақсаты – пробация есебіндегі сотталғандарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс беру.

Іс-шара барысында теолог маман есептегі азаматарға рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау, діни ақпаратты интернеттен қолданар кезде сақ болу керектігін жеткізді.

Іс-шараның соңында есептегі азаматтар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

– Бүгінгі шарада жеке қабылдауында болып, дәріс тыңдай отыра, көптеген діни сауаттылығымызды кеңейте алдық. Себебі теолог маман өзге діни ағымдардың басты ерекшеліктері туралы ашық түсіндірді. Өте маңызды тақырыптағы дәріс болғандықтан, мұқият тыңдап, көптеген мәліметтер алдым, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру